Теннис

Ван Цян Australian Open турниріне қатыспайды

Ван Цян Australian Open турниріне қатыспайды

Қытайлық Ван Цян Аустралия ашық чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы теннисші иығын жаралап алып, турнирден шығып қалды. Оның орнын британиялық Хэрриетт Дарт басады.

Ван Цян WTA рейтингісінде 92-орында тұр, оның Australian Open турниріндегі ең жақсы нәтижесі - 2020 жылы төртінші айналымға өтті.

Айта кетейік, 2023 жылғы Аустралия ашық чемпионаты 16-29 қаңтар аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0