Қазақстандық жас теннисші Түркиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық 17 жастағы Аружан Сағандықова Түркияның Анталия қаласында ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жұптық сында чемпион атанды. Бұл ҚТФ хабарлады.
Team Kazakhstan академиясының түлегі Аружан қытайлық Ю-Юн Лимен бірге жұптық сында үздік шықты. Қазақстандық-қытайлық жұп финалда ресейліктер, апалы-сіңлілі Анастасия мен Рада Золотареваларды тартысты бәсекеде тізе бүктірді – 7:5, 3:6, 10:4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или