Теннис

Дэвис кубогы. Қазақстан құрамасы қарсыласы не білуіміз қажет

Дэвис кубогы. Қазақстан құрамасы қарсыласы не білуіміз қажет

Қазақстан құрамасы 15 қыркүйек күні Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесінде АҚШ командасымен күш сынасады.

Бұл – қазақстандықтардың D тобындағы екінші матчы.

АҚШ құрамасы Ұлыбританиямен бірге Дэвис кубогы ойнатыла бастаған 1900 жылдан бері қатысып келеді. Жарыстың өзі АҚШ-тың алғашқы құрамасының ойыншысы Дуайт Дэвистің есімімен аталады. Америкалықтар Дэвис кубогын 32 мәрте жеңіп алған. Олар екінші орындағы аустралиялықтардан (28) оқ бойы озық тұр.

Қазақстандықтар бұған дейін Дэвис кубогында АҚШ командасымен ойнап көрген жоқ. АТР додаларында Александр Бублик америкалық Тэйлор Фритцпен төрт рет ойнап, соның үшеуінде басым түсті. Томми Полмен де төрт рет кездесіп, тек біреуінде ғана Бублик жеңген. Джек Сокпен есеп тең – 1:1.

Михаил Кукушкин Фритцпен үш бәсекесінде де қарсыласына жол берген. Сол секілді Пол да екі рет Кукушкиннен айласын асырып кеткен.

Бірінші матчта Қазақстанның Нидерланд командасынан жеңіліп қалғаны белгілі. Сондықтан бүгінгі және 18 қыркүйек күні Ұлыбританиямен өтетін матчта тек жеңіс керек. Сонда ғана ширек финалға өте алады.

Қазақстан – АҚШ матчы елорда уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0