Зарина Дияс WTA рейтингісінде екі сатыға төмендеді

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс өткен аптада Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жеке разрядтағы жаңартылған рейтингі бойынша үздік жүздікте екі сатыға төмен түсіп қалды.

Қазіргі уақытта Дияс аталмыш рейтингде үздік нәтиже көрсетіп тұрған қазақстандық спортшы болып табылады, ол 32-орында тұр.

Алғашқы үздік жүздікке кіретін тағы бір теннисші қызымыз Ярослава Шведова алты сатыға көтеріліп, 70-орынға тұрақтады. Ал келесі жерлесіміз Юлия Путинцева сол күйі 93-орында тұр. Жеке разрядтағы рейтинг көш басында америкалық Серена Вильямс тұр. Екінші орында – чехиялық Петра Квитова, үшінші орында – румыниялық Симона Халеп.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или