Теннистен ӘЧ: жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

<span>Простеев қаласында (Чехия) 1-6 тамызда 14 жасқа дейінгілер арасында өтетін командалық әлем чемпионатының (2022 ITF World Junior Tennis Finals) жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. </span>
<span>Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер А тобында Италия, Аргентина және Эквадор командаларымен сынға түседі. </span>
<span>Италия құрамасы – әлем чемпиондары. Өткен жылы олар финалда ресейліктерді 2:0 есебімен ұтқан болатын. Аргентина да осал емес, бұл құрама 2016 жылы үздік шыққан еді. </span>
<span>Қазақстандықтар әлемдік додада сегізінші болып тіркелген. Ел намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды. Бапкерлер құрамы: Сергей Квак – капитан (бас жаттықтырушы), Дмитрий Костецкий – жалпы дене дайындығы бойынша жаттықтырушы, Тимур Аққазиев – делегация басшысы, федерацияның Team Kazakhstan департаментінің директоры.</span>