Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төреші «Үлкен дулыға» турниріне қазылық етті

Қазақстан тарихында алғаш рет төрт төреші «Үлкен дулыға» турниріне қазылық етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт Каукеева (Талдықорған), Юлия Игнатченко (Алматы), Борис Кравчук (Қостанай) және Владлена Саменкова (Ақтөбе) Уимблдон жарысында төрелік жасап, деңгейлерінің жоғары екендігін көрсете білді.
Борис пен Владлена іріктеу сайыстарында және жасөспірімдер турниріне қазылық етті. Ал Меруерт пен Юлия ерлер және әйелдер арасында жекелей сында негізгі додада төреші болды.
«Қазақстанда қазылықты дамыту бағдарламасы екі бағытта алға жылжып келеді. Бірі - жаңа кадрларды тарту жолымен семинарлар өткізу арқылы Ұлттық санат төрешілерін даярлау. Екіншісі - халықаралық семинарлар мен қазылық мектептер арқылы әлемдік деңгейдегі реферилерді тәрбиелеу», - деп хабарлады ведомстводан.