Теннис

Анна Данилина Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты

Анна Данилина Мароккодағы турнирдің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Данилина америкалық Ингрид Нилмен бірге бастапқы кездесуін марокколық Ясмин Каббай – ресейлік Екатерина Казионовамен өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағатқа созылған матчта олар 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. А.Данилина мен И.Нилдің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық теннисші жекелей сында да бақ сынап көрген. Алайда іріктеу сайыстарының финалында ресейлік Екатерина Рейнгольдқа 5:7, 1:6 есебімен жол беріп, негізгі турнирге өте алмады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик Женева ATP 250 жарысының алғашқы айналымында Польша өкілі Камил Майчрзактан жеңіліп қалды – 1:6, 7:6 (7:4), 3:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер