Данилина Римдегі турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өтті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жұптық сынында екінші айналымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .
Бірінші айналымда Анна ресейлік Екатерина Александровамен бірге италиялық Анастасия Гримальская/Клаудия Джовин жұбын екі сетте жеңді.
1 сағат 21 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или