Новак Джокович Австралияда тағы да қамауға алынды

Жексенбі күні өтетін сот отырысы қарсаңында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, сербтің Австралия ашық чемпионатына қатысу мәселесі әлі де талқылануда. Иммиграция министрі Алекс Хоуктың айтуынша, кеше Джоковичтің визасы жойылды. Сот отырысының нәтижесінде Новактың ісін Австралияның федералды сотына беру туралы шешім қабылданды.
Джоковичке қатысты талаптар виза алу кезіндегі құжаттарға қатысты мәселелерге байланысты туындаған. Серб коронавирусқа қарсы екпе алмауға мүмкіндік беретін медициналық жеңілдік алды. Алайда Австралия билігі бұл құжаттардың дұрыстығына күмән келтірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или