Зарина Дияс WTA рейтингінде ТОП-100 қатарынан шығып қалды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>Тізімде Австралия теннисшісі Эшли Барти көш бастап тұрса, одан кейін Беларусь спортшысы Арина Соболенко мен Испания өкілі Гарбинье Мугуруса орналасқан.</span>
<span>Қазақстанның бірінші ракеткасы 14-орынды сақтап қалды, Юлия Путинцева бұрынғыдай 42-орында, ал тізімде үш саты төмен түсіп, 103-орынға тұрақтаған Зарина Дияс үздіктер «жүздігінен» шығып кетті.</span>
<span>Жұптық сында үздіктер «үштігін» бұрынғыдай чехиялық Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова және тайвандық спортшы Се Су-Вей басқарып отыр. Рыбакина өз жағдайын өзгерткен жоқ (49-шы), Алла Данилина сегіз саты жоғары көтеріліп, 75-ші болды, ал Дияс екі саты төмен түсіп, 180-орынға тұрақтаған.</span>