Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Канаданы ұтты

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Канаданы ұтты

Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының топтық кезеңіндегі матчта Канаданы 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов топтық кезеңдегі соңғы кездесуінде канадалық Брайден Корд пен Питер Поланскимен кездесті. Матч 6:4, 6:7 (6:8), 6:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.

Бұған дейін Михаил Кукушкин Браден Шнурды 6:3, 6:7 (5:7), 7:5 есебімен ұтты, ал Александр Бублик Вашек Посписилді 6:2, 7:6 (8:6) есебімен жеңді.

Еске салайық, Дэвис кубогының топтық кезеңінің ашылу матчында Қазақстан құрамасы Швеция құрамасын 2:1 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы топта жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или