Тимофей Скатов Уругвайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Тимофей Скатов Уругвайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Тимофей Скатов Уругвайдағы Монтевидео челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингте 262-орында тұрған Т.Скатов алғашқы айналымда әлемнің 140-ракеткасы, чилилік Алехандро Табиломен кездесті.

Бірінші партия барысында Табило қатты қарсылық көрсетті. Дегенмен брейк жасап, сет-пойнтты пайдалана білген қазақстандық теннисші басымдық танытты - 6:3.

Екінші сетте Тимофей алға кетті - 3:0. Алехандро есепті қысқартты - 4:5. Әйтсе де Скатов матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:4.

Т.Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 130-ракеткасы, боливиялық Уго Дельенмен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или