Теннис

Astana Open ATP 250 және WTA 250 турнирлерін көрермендер тамашалай алады

Astana Open ATP 250 және WTA 250 турнирлерін көрермендер тамашалай алады
news-banner7
mobile-news-top

Ведомствоаралық комиссияның көрермендерді трибунаға жіберу туралы шешімінің арқасында Қазақстан теннис федерациясы барлық теннис жанкүйерін Ұлттық теннис орталығына керемет ойындарды тамашалауға және сүйікті ойыншыларын қолдауға шақырады.

Билеттердің саны шектеулі және қатаң реттеледі. Билеттер сатылымға шығарылып та қойды. Кіру ASHYQ жүйесі арқылы (келушілердің «жасыл» мәртебесі болған жағдайда ғана) жүзеге алады. Бұл шешім аренаның толуын бақылауға және отыру ережелерін сақтауға көмектеседі. Көрермендер маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Негізгі кезең матчтарының билеттер құны - 3000 теңге
Жартылай финал мен финалдың билеттер құны - 5000 теңге
Өтетін орны: Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2 В.

Билеті бар көрермендерге арналған кіреберіс - Солтүстік трибуна (Орталық саябақ жақтан).

Astana Open бұл әлемнің Аслан Карацев, Джон Миллман, Бенуа Пер, Кристина Младенович, Элисон Ван Утвейк сынды ТОР100 теннисшілері қатысатын Халықаралық теннис кәсіпқойлары қауымдастығының (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қолдауымен өтетін беделді ATP 250 және WTA 250 сериясының турнирлер қатарына жатады.

Қазақстан сапынан еліміздің ұлттық құрамасының ойыншылары - Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Анна Данилина қатысады.

Ерлер турнирінің финалы 26 қыркүйекте, әйелдер арасындағы турнир 2021 жылдың 2 қазанында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер