Рыбакина WTA рейтингісінде 17-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-орынға жайғасты. Елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 11 сатыға төмендеді. Ол қазір әлемде 44-орында тұр. Зарина Дияс 105-қатарда.
Жұптық сында Анна Данилина 88-орынға көтерілді. Жібек Құламбаева мен Гозаль Айтиндинова да айтарлықтай жоғарылай, 466 және 493-орындарды иеленді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или