Теннис

Қазақстан чемпионатында 100-ден астам спортшы бақ сынайды

news-banner7
mobile-news-top

13 қыркүйекте елордадағы «Дәулет» теннис орталығында ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Чемпионаттың биылғы ерекшелігі, онда еліміздің маңдайалды теннисшілері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Григорий Ломакин, Достанбек Ташболатов, Тимур Хабибуллин, Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, Софья Чурсина, Татьяна Николенко, Аружан Сағындықова және басқалар кортқа шығады.

Айрықша атап өтетін жайт, ерлер және әйелдер арасында жекелей сын жеңімпаздары Astana Open ATP 250 мен WTA 250 турнирлеріне арнайы шақырту алып, 7 мың АҚШ доллары көлемінде грантқа қол жеткізеді.

Финалистер мен қола жүлдегерлер сәйкесінше 5 мың және 3 мың АҚШ долларына қоса Astana Open жарысының іріктеу сайыстарына жолдама алады. Қазақстан чемпионаты 17 қыркүйекке дейін созылады. Жарыс көрермендерсіз, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер