US Open: Андрей Голубев ширек финалға шыға алмады

US Open: Андрей Голубев ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында US Open турнирінің ширек финалына шыға алмады.

«Үлкен дулыға» жарысында Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес үшінші айналымда осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен күш сынасты.

Кездесуде Андрей Голубев пен оның жұбы 6:4, 5:7, 3:6 есебімен жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или