Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады
<span>Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңарған нұсқасы шықты.</span>
<span> Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы болып қалды. Путинцева жеті позицияға көтеріліп, 35-ші орынға жайғасты. </span>
<span>Еске сала кетейік, жақында Юлия Будапештте өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, 99-шы теннисші ретінде Үздік жүздікке қайта оралды. Жұптық разрядта Анна Данилина 120-шы орыннан 119-ға көтерілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или