Зарина Дияс Лозаннадағы турнирдің ширек финалына өтті
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс итальяндық спортшы Камила Джорджиді 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, Лозаннадағы WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 сағат 15 минутқа созылған матчта Дияс бес брейк-пойнттың екеуің сәтті пайдаланды, екі эйс жасады.
Бұған дейін Зарина Дияс Лозаннадағы WTA 250 турнирінде швейцариялық спортшы Симон Вальтертті 6:4, 6:4 есебімен сенімді жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или