Данилина Франциядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина норвегиялық Ульрикке Эйкеримен бірге Францияның Контрексвилл қаласында өтіп жатқан Grand Est Open 88 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық-норвегиялық жұп ширек финалда неміс Анна Класен мен француз Марин Партоны (6:0, 6:0), жартылай финалда француз Армандин Эсс пен чилилік Даниэла Сегуельді (6:1, 6:3) жеңді.
Данилина мен Айкери финалда венгриялық Дальма Галфи мен бельгиялық Кимберли Циммерманмен кездеседі. Финалдық кездесу 11 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или