Юлия Путинцева WTА турнирінің ширек финалына шыға алмады

Юлия Путинцева WTА турнирінің ширек финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Гамбург (Германия) WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Осы доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 130-орында тұрған германиялық Андреа Петковичпен кездесті. Бірінші партияда қос бірдей брейкке қол жеткізген корт иесі басымдылық көрсетті – 6:2. Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисші үш брейк жасады – 6:1.

Үшінші, шешуші партияда әуелі германиялық спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Ю.Путинцева таразы басын теңестіре алды. Есеп 3:3 болғаннан кейін қарсыластар брейкпен алмасты. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған германиялық теннисші матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или