Путинцева Гамбургтегі турнирде жеңіліп қалды

Путинцева Гамбургтегі турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Гамбург (Германия) WTA турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Осы доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Путинцева жарысты екінші айналымнан бастап, рейтингте 130-орында тұрған германиялық Андреа Петковичпен кездесті.

Бірінші партияда қос бірдей брейкке қол жеткізген корт иесі басымдылық көрсетті – 6:2.

Есесіне екінші сетте қазақстандық теннисші үш брейк жасады – 6:1.

Үшінші, шешуші партияда әуелі германиялық спортшы 2:0 есебімен алға шыққанымен, Путинцева таразы басын теңестіре алды. Есеп 3:3 болғаннан кейін қарсыластар брейкпен алмасты. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған германиялық теннисші матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Тартысты бәсеке 2 сағат 15 минутқа созылды.

Петкович жартылай финалға шығу үшін рейтингте 128-сатыдағы бельгиялық Исалин Бонавантюрмен таласады. Ол екінші айналымда әлемнің 74-ракеткасы, америкалық Бернарда Пераны 3:6, 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или