Қазақстандық теннисші Уимблдонда сенсация жасады

Қазақстандық теннисші Уимблдонда сенсация жасады

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшы нидерландылық Робин Хасемен бірге екінші айналымда осы «Үлкен дулыға» жарысының 7-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - бразилиялық Бруно Соареспен кездесті. Қазақстандық-нидерландылық жұп 6:7 (3:7), 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Голубев пен Хасе ширек финалға шығу үшін осы доданың 14-ракеткалары, оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклаханмен таласады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркачпен ойнады. Спортшылардың екеуі де 24 жаста. Бұған дейін өткен жылы Дубайда Бублик 6:2, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы Гуркач 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или