Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті.
<span>Осы «Үлкен дулыға» додасының 18-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 120-сатыда тұрған америкалық Клэр Льюмен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші 1 сағат 22 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. </span>
<span>Бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, үш брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Қарсыласы 5 эйс, 1 брейкпен шектелді. Е.Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 18-інші, осы жарыстың 15-ракеткасы, грекиялық Мария Саккари немесе рейтингте 46-сатыдағы америкалық Шелби Роджерстің біреуімен таласады. </span>
<span>Осылайша 22 жастағы Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шығып отыр.</span>