Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының финалистері белгілі болды

Оралда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

<span> Қыздар арасында жекелей сынның финалында шымкенттік Сарвиноз Миркадирова мен Анель Бақыт өзара мықтыны анықтайды.  </span>

<span>Маңғыстау облысыныің өкілі Гюзель Торшаева мен павлодарлық Ангелина Романовская, қарағандылық Арай Ашкеева мен елордалық Малика Сандыбаева жарыстың қола жүлдесін сарапқа салады.  </span>

<span>Ал ұлдар арасында қарағандылық Алан Құрманғалиев пен ШҚО спортшысы Сағантай Құрмамбаев іріктеу сынынан іркілмей өтіп, финалда кездеседі. Ұлдар арасында қола жүлдегер атану үшін  Санжар Жубанов (БҚО), Темірлан Ким (Қарағанды облысы), ағалы-інілі  Искандер, Абдул-Мажит Харки (Жамбыл облысы) бақ сынады. </span>

<span> Айта кетерлігі, жарыс жеңімпаздары бүгін, 18 сәуірде анықталады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или