Бокс

WBC рейтингі: Әлімханұлы мен Жүкембаев үздік ондыққа кірді

WBC рейтингі: Әлімханұлы мен Жүкембаев үздік ондыққа кірді
news-banner7
mobile-news-top

Бокс әлемінде ең беделді WBC ұйымы барлық салмақ дәрежелерінде үздік боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтардың ішінде Әлімханұлы мен Жүкембаевтың көрсеткіштері жақсы.

Жәнібек орта салмақ рейтингінде алтыншы орынға жайғасқан. Ал, осы дивизионның чемпионы - америкалық Джермал Чарло. Сондай-ақ тізімде Мейірім Нұрсұлтанов (15-орын) бар.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы боксшылар тізімінде сегізінші сатыға жайғасқан. WBC ұйымының белбеуіне қол жеткізген америкалық Хосе Рамирес рейтинг көшін бастады.

Екінші орта салмақта ондыққа жақын боксшымыз - Айдос Ербосынұлы (12-ші). Сондай-ақ, Али Ахмедов 23-орынға ие. Бұл салмақта Сауль Альваресті тақтан тайдыратын боксшы табылмай тұр.

Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақ рейтингінде 17-орында. WBC International титулының иегері Тұрсынбай Құлахмет 27-орыннан көрінді. Аталмыш салмақтың чемпиондық белбеуі америкалық Джермелл Чарлоға тиесілі.

Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта 23-орынды қанағат тұтты. Осы салмақта WBC титулының толық иегері америкалық Эррол Спенс.

Кәсіпқой бокстағы жолын сәтті бастаған Қамшыбек Қоңқабаев бірінші ауыр салмақ рейтингінде 37-қатарда тұр. Бұл дивизионның чемпионы - конголық Илунга Макабу.

Сондай-ақ, жартылай жеңіл салмақтағы боксшылар тізімінде Сұлтан Зәуірбек 37-орын иеленді. Бұл дивизиондағы WBC белбеуі мексикалық Оскар Вальдеске тиесілі.

Мәзімбаев Қоңқабаевтың мансабы жайлы: Чемпиондық жекпе-жек те алыс емес

Зия Әлиев: Елеусінов АҚШ-та танымал боксшымен жұдырықтасуы керек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер