Теннис

Australian Open турнирінде төрт саусақты, үш башпайлы теннисші дебют жасады

Australian Open турнирінде төрт саусақты, үш башпайлы теннисші дебют жасады
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық теннисші Франческа Джонс Australian Open турнирі іріктеу кезеңінің финалында қытайлық Чжа-Цзин Люді 6/0, 6/1 жеңіп, негізгі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz gotennis.ru сайтына сілтеме жасап.

Джонс эктродактилия деп аталатын сирек кездесетін генетикалық аурумен дүниеге келген. Ауру салдарынан теннисшінің екі қолында төрт саусақтан, ал оң аяғында үш және сол жағында төрт башпайы бар.

Франческа WTA рейтингінде 241-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер