Желтоқсанда кімдер шаршы алаңға шығады

Желтоқсан айында қазақстандық боксшылардың қатысуымен бірнеше маңызды кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.
5 желтоқсанда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешінде орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8КО) жергілікті боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2КО) жұдырықтасады.
16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Айдос Ербосынұлы (14-0, 9КО) ганалық боксшысы Исса Самирмен (19-0, 16 КО) кездеседі. Сондай-ақ, андеркартта келесі кездесулер өтеді: Бек Нұрмағанбет (2-0, 2КО) — Эммануэль Дансо (32-5, 26КО), Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1КО) — Кабиру Товолави (13-2, 10КО), Евгений Павлов (2-0, 2КО) — Алие Лаурел (18-4-1, 11КО), Данила Семенов (1-0, 1КО) — Абрахам Табул (17-4-1, 14КО).
17 желтоқсанда Лос-Анджелесте (АҚШ) Мадияр Әшкеев (14-0, 7KO) жеңілмеген америкалық боксшы Чарльз Конуэллмен (13-0, 11KO) кездеседі.
Ал 18 желтоқсанда Голливудта (Флорида, АҚШ) орта салмақта IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық боксшы Камил Шеремета (21-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек өтеді. Бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12КО) те өнер көрсетеді. Оның қарсыласы жақын арада анықталады.