Бокс

Елордада өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді

Елордада өтетін бокс кешінде кімдер өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ақпаратты Boxrec.com сайты ресми хабарлады.

Кештің басты жекпе-жегінде супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (14-0, 9КО) ганалық боксшысы Исса Самирмен (19-0, 16 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшыға тиесілі WBC Asian, WBA International және WBO Global титулдары сарапқа салынады.

Аталған кеште Бек Нұрмағанбет (2-0, 2КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы тағы бір ганалық боксшы Эммануэль Дансо (32-5, 26КО) болып бекітілді.

Әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1КО) кәсіпқой ретіндегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол нигериялық Кабиру Товолавимен (13-2, 10КО) жұдырықтасады.

Сондай-ақ, Евгений Павлов (2-0, 2KO) пен Данила Семенов (1-0, 1КО) да осы кеште шаршы алаңға шығады. Алдыңғсы филиппиндік Али Лаурелмен (18-4-1, 11KO), ал соңғысы ганалық Абрахам Табулмен (17-4-1, 14КО) жұдырықтасады.

Ербосынұлы жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер