Бокс

Ербосынұлы жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасады

Ербосынұлы жеңіліп көрмеген боксшымен жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec порталының мәліметінше, 29 жастағы қазақстандық рингке 16 желтоқсанда оралады. Тәуелсіздік күні Айдос Нұр-Сұлтанда 31 жастағы ганалық Исса Самирмен (19-0, 16 КО) жекпе-жек өткізеді, бұл боксшы рингке жеңіліс дәмін татпаған. Ербосынұлы бұл жекпе-жекте WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы, сондай-ақ WBA International және WBO Global титулдарын қорғайды.

Исса Самир алғаш рет отанынан тыс жерде жұдырықтасады. Карьерасында ол бірінші орта және орта салмақтарда Гана чемпионы атанған, сондай-ақ IBF тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта жастар арасындағы әлем чемпионы болған.

Айдос Ербосынұлы өзінің соңғы жекпе-жегін Минскіде 26 шілдеде өткізген. Онда ол германиялық боксшы Нуну Лавалды (27-8, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер