Надаль ATP Қорытынды турнирінің ашылу матчында Рублевті жеңді

Надаль ATP Қорытынды турнирінің ашылу матчында Рублевті жеңді

Испаниялық Рафаэль Надаль мен ресейлік Андрей Рублев ATP 2020 Қорытынды турнирінің ашылу матчында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 19 минутқа созылған бұл кездесуде Надаль жеңіске жетті. Ол қарсыласынан екі сетте басым түсті - 6:3, 6:4.

Рафаэль Надаль мен Андрей Рублев «Лондон-2020» тобында өнер көрсетіп жатыр. Олардан бөлек бұл топта австриялық Доминик Тим мен грекиялық Стефанос Циципас бар.

«Токио-1970» деп аталатын тағы бір квартетте серб Новак Джокович, аргентиналық Диего Шварцман, германиялық Александр Зверев және ресейлік Даниил Медведев бақ сынасады. Бұл топтағы турнир Джокович пен Шварцман арасындағы матчпен 16 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де ашылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или