Аргентина - Қазақстан матчы 2021 жылы ақпанда өтеді
Федерация Кубогы аясындағы Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасындағы матч қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2021 жылдың 5-6 ақпанында Буэнос-Айрестегі Lawn Tennis Club жеке теннис клубында өтеді.
Айта кетейік, бұл ойын бастапқыда 2020 жылдың 17-18 сәуіріне жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты матч кейінге қалдырылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или