Попко АҚШ-тағы Atlanthic Tire Championship челленджерінде ширек финалға шықты
Дмитрий Попко Кариде (АҚШ) өткен Atlanthic Tire Championship челленджері серияларының бірінде ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші раундтық кездесуде қазақстандық теннисші америкалық Митчелл Крюгерді үш сетте жеңді - 6: 3, 3: 6, 6: 3. 2 сағат 30 минутқа созылған кездесу барысында Попко 7 эйс жасап, 2 қосарланған қателік жіберді
Жартылай финалға шығу үшін Дмитрий Попко тағы бір америкалық теннисші Денис Кудламен күш сынасады.
Фото olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или