Евгений Тимченко: Оқу-жаттығу жиынындағы мақсат орындалды
Үстел теннисінің жас шеберлері "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиынжарын аяқтады.
<span> «Барлығы үстел теннисін сағынғандықтан жаттығу барысында қиналып, күш жұмсаған жоқ. Коронавирус пандемиясына байланысты, әсіресе, көктем, жаз мезгілдерінде спортшылардың көбі үйлерінде болды. Ұзақ үзілістен кейін оқу-жаттығу жиынына ерекше құлшыныспен кірісті. Мен және әріптестерім Самат Бейсенов, Александр Брижевский, Дмитрий Левенко бір-бірімізбен байланыста болып, спортшылармен тығыз-қарым қатынаста жұмыс істедік. Белгілі бір мақсат құрып, атап айтқанда, теннисшілердің техникалық және физикалық тұрғыдан жеке жоспар дайындадық. Және жаттығу барысында оған қол жеткіздік те. </span>
<span>Кейбір спортшылардың физикалық дайындығы тұрғысынан мәселелер кездесті. Мәселен, алғашқы кезде үстел жаттығуларына кіріскен сәтте бірден алып кете алған жоқ, бірқатар қателікке жол берді. Жаттығу жиыны барысында спортшылар спорттық формаларына келіп, сенімді түрде ойын көрсете бастады. Қазір барлығы үйлеріне жаңа дәрежемен оралмақ. Нәтижесі көңілімізден шығады", - деп, жастар мен жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко оқу-жаттығу жиынын қорытындылады.</span>