Үстел теннисінен жастар және жасөспірімдер командасы жаттығуға кірісті

Үстел теннисінен жастар және жасөспірімдер командасы жаттығуға кірісті

Үстел теннисінен Қазақстанның жастар, жасөспірімдер және кадеттер құрамасы Алматы облысындағы «Ақ Бұлақ» олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Алдымен карантин аймағында бір апта өткізіп, жалпы дене жаттығуымен айналысқан спортшылар бүгінде үстел үстіндегі дайындыққа кірісті. Команданың аға бапкері Евгений Тимченконың айтуынша, теннисшілер өздерін жақсы сезінуде.

«Таза ауада дайындалған кезде күн райының жылы болғаны қатты көмектесті. Жаттығуға керемет жағдай жасалған. 14 үстелі бар зал жөндеуден өтіп, еденге жаңадан төсемелер жайылған. Мұның бәрі біздің көңілімізді көтеріп тастағаны анық. Спортшылар теннисті сағынып қалыпты. Таңертең 3 сағат, түстен кейін 3 сағат және кешкі астан соң 1 сағат жаттығамыз. Кешкісін команданың кеңесшісі Дмитрий Левенко спортшылармен онлайн түрде психололиялық дайындық жүргізеді», - дейді аға бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или