Кирилл Герасименко неміс бундеслигасында «Werder» сапында жеңіліс тапты

Кирилл Герасименко неміс бундеслигасында «Werder» сапында жеңіліс тапты

Үстел теннисінен қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко клубтар арасында Германия біріншілігіне қатысып жатыр.

Кирилл Герасименко Бремендік «Werder» сапында өнер көрсетіп жатыр. Чемпионат аясында командаластары Маттиас Фальк (Швеция), Хунор Сечпен (Румыния) бірге Оксенхаузен қаласында жергілікті атақты «Liebherr» клубымен кездесті.

Айта кетерлігі, «Liebherr» командасы 2018 жылғы Бундеслиганың жеңімпазы, 2019 жылғы Германия кубогінің иегері және де 2019 жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері атанған. «Werder» командасына қарсы ойынға әлемнің 6-шы теннисшісі, Панамерика ойындарының чемпионы, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Канак Джа (АҚШ), Еуропа чемпионатының жүлдегері Симон Гози (Франция) қатысты.

Екеуара кездесу 3:0 есебімен «Liebherr» еншісіне шешілді:

Уго Кальдерано («Liebherr»)-Хунор Сеч («Werder») 3:1;

Канак Джа («Liebherr»)-Кирилл Герасименко («Werder») 3:0;

Симон Гози («Liebherr»)-Маттиас Фальк («Werder») 3:0. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или