ММА

UFC «Сарбаздар аралындағы» екінші турнирдің постерін жариялады

UFC «Сарбаздар аралындағы» екінші турнирдің постерін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

UFC баспасөз қызметі твиттер желісіндегі ресми парақшасында аталған промоушеннің ұйымдастыруымен Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтетін екінші турнирдің постерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл турнир 15 шілдеде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қос америкалық файтер Келвин Каттар мен Дэн Идж жұдырықтасады. Бұдан бөлек Фрэнки Эдгар - Педро Муньос кездесуі де кештегі негізгі жекпе-жектердің бірі болмақ.

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады.

Бұл кеште қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

Айта кетейік, бұған дейін UFC президенті Дана Уайт «Сарбаздар аралының» инфрақұрылымын көрсеткен болатын.

Негізгі кард:

Келвин Каттар — Дэн Иге
Фрэнки Эдгар — Педро Муньос
Карла Эспарса — Марина Родригес
Абдул Разак Альхассан — Мунир Лаззез
Джаред Гордон — Крис Фишголд.

Алғашқы кард:

Модестас Букаускас — Винисиус Морейра
Молли Маккенн — Талиа Сантос
Рикардо Рамос — Лерон Мёрфи
Джон Филлипс — Душко Тодорович
Тим Эллиотт — Райан Бенуа
Диана Белбита — Лиана Джоджуа.

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер