ММА

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир. Промо-ролик жарияланды

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир. Промо-ролик жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

UFC баспасөз қызметі твиттер желісіндегі ресми парақшасында аталған промоушеннің Fight Island-да («Сарбаздар аралы») өтетін алғашқы турнирдің промо-ролигін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

UFC 251 турнирі 11 шілдеде Абу-Дабидегі (БАӘ) Яс аралында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Сонымен қатар, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебюттік кездесуін осы кеште өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болмақ. Бұл файтер 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. UFC-де үш кездесу өткізген. Оның біреуінде жеңіп, екеуінде жеңілген.

UFC 251 турнирінің толық карды::

Камару Усман — Гилберт Бернс (жартылай орта салмақтағы титулды жекпе-жек);
Александер Волкановски — Макс Холлоуэй (титулды жекпе-жек, жартылай жеңіл салмақ);
Петр Ян — Жозе Алдо (бос титульл үшін жекпе-жек, жеңіл салмақ);
Джессика Андраде — Роуз Намаюнас;
Пейдж Ванзант — Аманда Рибас;
Волкан Оздемир — Йиржи Прохазка;
Элизеу Залески дос Сантос — Муслим Салихов;
Макван Амирхани — Дэнни Хенри;
Леонардо Сантос — Роман Богатов;
Марчин Тыбура — Александр Романов;
Раулиан Пайва — Жалғас Жұмағұлов;
Кароль Роса — Ванесса Мело;
Мартин Дэй — Дэйви Грант.

Жұмағұлов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер