Бокс

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар

2020 жылғы ТОП-5 жекпе-жек: Тізімде GGG - «Канело» трилогиясы да бар
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық Marca басылымы жанкүйерлер 2020 жылы көргісі келетін ең үздік жекпе-жектердің тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Басылым көпшілік күткен кездесулерді анықтау үшін өз оқырмандарының арасында сауалнама жүргізді.

Тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші жекпе-жек те бар. Отандасымыздың қатысуымен өтетін трилогия аталған тізімде төртінші орында тұр.

Ал биылғы жылдың үздік жекпе-жегі болудан Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд кездесуі басты үміткер. Сауалнамаға қатысушылардың 52 пайызы осы кездесуге дауыс берді. Екінші орында Тайсон Фьюри — Энтони Джошуа жекпе-жегі орналасқан (14%). Сонымен қатар, Майк Тайсонның кәсіпқой ринге оралуын күтіп жүрген жанкүйерлер де аз емес екен (11%).

Тізімде төртінші орын алған Головкин — Альварес жекпе-жегі 8% пайыз дауыс жинады. Үздік бестікті Конор Макгрегор мен Флойд Мейвезердің реваншы түйіндеп тұр (7%).

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Асыға күткен алты реванш. Тізімде «Канело» - GGG жекпе-жегі де бар

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер