Бокс

Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі

Головкин британиялық боксшымен қашан кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс орта салмақта WBA тұжырымы бойынша «уақытша» чемпион кіші-Крис Юбэнк пен Геннадий Головкиннің қашан кездесуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Сарапшының пікірінше, бұл жекпе-жек биыл емес, 2021 жылы өтуі мүмкін.

- Юбэнк Головкинмен жекпе-жек өткізуі мүмкін, бірақ бұл кездесу 2020 жылы өтпейді. Биыл Головикн IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауы керек. Егер Головикн «Канеломен» үшінші жекпе-жекті өткізгісі келсе, алдымен міндетті қарсыласы Камил Шереметаның шаруасын шешуі керек. Ал Юбэнкпен жекпе-жек өтуі мүмкін ең ыңғайлы уақыт 2021 жыл. Оның өзінде бұл кездесу Головкин ниет білдірсе ғана өтеді, - деп жазды автор.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық боксшы Крис Юбэнк GGG-мен кездескісі келетінін мәлімдеген болатын.

Ал промоутер Эдди Херн Шереметаға қарсы жекпе-жектің тамыз айында өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Эдди Хирн Головкин-Шеремета жекпе-жегін тамызға жоспарлап отыр

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер