Бокс

Бұрынғы әлем чемпионы Головкин - Альварес жекпе-жегі жайлы айтты

Бұрынғы әлем чемпионы Головкин - Альварес жекпе-жегі жайлы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Григорий Дрозд Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік боксшы бұл туралы Ресей кәсіпқой бокс федерациясының инстаграм каналына берген сұхбатында айтты.

Григорий Дрозд

Григорий Дрозд

- Мен үшін бірінші жекпе-жекте Гена басым болды. Екінші кездесу аралас деңгейде өтті. Ал үшіншісінде GGG жеңе алады деп ойлаймын. Алайда Альварес жас, физикалық тұрғыда мығым, жылдамдығы да керемет. Бірақ Гена да оған лайық қарсылас. Головкиннің соққысы ауыр, шыдамды әрі аса дарынды жігіт. Егер ол нағыз спорттық бабында болса, керемет жекпе-жек өткізеді, - деді Дрозд.

Бұған дейін Головкиннің бұрығы бапкері Абель Санчес Альвареспен үшінші жекпе-жек өтсе, қазақстандыққа тиімсіз болатынын айтқан еді.

Айта кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал үшінші жекпе-жек осы жылдың қыркүйек айында өтетіні айтылып жүр.

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

GGG – «Канело»: Үшінші жекпе-жек қыркүйекте өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер