русский язык
Бокс

Батыр Жүкембаев қашан АҚШ-та жекпе-жек өткізеді?

Батыр Жүкембаев қашан АҚШ-та жекпе-жек өткізеді?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) карантин аяқталған соң АҚШ аумағындағы алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Eye of the Tiger Management жартылай орта салмақтың төрт боксшысына сенім артады. Олар: Батыр Жүкембаев, Матье Жермена, Ива Улисс және Стив Клаггетт. Батыр мен Иваға карантин мерзімі аяқталған соң АҚШ-та жекпе-жек өткізуге ұсыныс түсті, - деді промоутер Камил Эстефан TVA Sports арнасына берген сұхбатында.

Промоутердің айтуынша, бұл ұсыныс Канадада жекпе-жек өткізгенге қарағанда қаржы жағынан да, әлемдік рейтинг үшін де әлдеқайда тиімді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы мансабында барлық жекпе-жегін Канада елінде өткізген. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңді.

Қазақстандық нокаутер Қазан қаласындағы бокс кешіне қатысады

Шарипова - Очигава жекпе-жегі кейінге шегерілді

«Нағыз чемпиондарға алғысымыз зор». Головкин мен басқа да танымал боксшылар видеоүндеу жариялады

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;