русский язык
Бокс

«Нағыз чемпиондарға алғысымыз зор». Головкин мен басқа да танымал боксшылар видеоүндеу жариялады

«Нағыз чемпиондарға алғысымыз зор». Головкин мен басқа да танымал боксшылар видеоүндеу жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин жұлдыздар мен бокс қайраткерлерімен бірге бейнежолдауға қатысты. Онда әлемде коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс білдіріп, сондай-ақ спорт жанкүйерлеріне инфекцияның алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Видео Нью-Йорктегі Madison Square Garden кешенінің Twitter-дегі ресми парақшасында жарияланды.

«Бүкіл әлемдегі боксшылардың және бокс жанұясының атынан біз осы жаһандық жекпе-жектің нағыз чемпиондары - медицина қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. Еңбектеріңізге көп рахмет! Рингте жекпе-жекті өткізу оңай емес, сол үшін біз сіздер жақпыз. Жақында бәріміз «Гарденде» қайта жүздесеміз, бірақ қазір үйде болайық, әлеуметтік қашықтықты пысықтайық, өзімізді қорғап және бетперде киейік. Қолдарыңызды жуып отыруды ұмытпаңыздар. Аман-есен жүрулеріңізді сұраймыз», - делінген видеожолдауда.

Геннадий Головкиннен бөлек, Майкл Баффер, Оскар де ла Хойя, Бернард Хопкинс, Владимир Кличко, Кэти Тэйлор, Лейла Али, Эдди Хирн, Лу ДиБелла, Том Леффлер, Мигель Котто және басқалар бейнені жазуға қатысты.

Айта кетейік, Madison Square Garden - Геннадий Головкиннің сүйікті ареналарының бірі. Мұнда ол жеті жекпе-жек өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;