Бокс

DAZN «Канелоны» Головкинмен үшінші жекпе-жекті қыркүйекте өткізуге шақырды

DAZN «Канелоны» Головкинмен үшінші жекпе-жекті қыркүйекте өткізуге шақырды
news-banner7
mobile-news-top

DAZN стриминг сервисінің сарапшылары Крис Мэнникс пен Серхио Мора Сауль «Канело» Альварестің кезекті жекпе-жегін талқылап, Геннадий Головкинмен болатын үшінші айқасқа да тоқталып өтті.

Бұған дейін Альварес келесі жекпе-жегін күзде өткізуге ниет етіп отырғанын айтқан болатын. Ол мамырдың басында айқасқа шығуды жоспарлаған еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты жекпе-жек кейінге қалды.

- «Канело» да қазір бүкіл бокс әлемі секілді үзілісте. Жоспарланған жекпе-жек болмағанына қарамастан, «Канело» «Box Azteca» телебағдарламасына берген сұхбатында қыркүйек айында рингке қайта оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Сіз «Канело» қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болатынына сенесіз бе?

- Оның кіммен шығатыны да белгісіз. Головкин – бәріне қызықты болатын қарсылас. Бірақ GGG келесі жекпе-жегін «Канеломен» өткізгісі келмеуі мүмкін. «Канело» Билли Джо Сондерспен айқасқа шыққысы келеді, бұл жағдайда Головкинмен болатын жекпе-жек кейінге қалады. Менің ойымша Альварес дайын, бірақ оның кіммен жұдырықтасатынын білмеймін», - дейді Манникс.

Оның әріптесі Мора да GGG-мен үшінші жекпе-жек жөнінде сөз қозғады: — Сондерспен жекпе-жек жақсы естіледі, бірақ біз Головкинмен болатын айқасты көргіміз келеді. Келесі жылдың мамырын күткіміз келмейді. Көп күттік онсыз да. Головкин 38 жаста. Трилогия келесі жекпе-жекте өтуі керек. Билли Джо Сондерспен болған жекпе-жектің маңызы зор, алайда Головкинмен жекпе-жекке тікелей көшейік», - деді ол.

Головкиннің командасы «Канеломен» қыркүйекте жекпе-жек өткізуден бас тартты

DAZN Головкиннің бес ірі жетістігін атады

Еуропалық боксшы Головкинмен болған жекпе-жегін еске алды

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер