Бокс

Еуропалық боксшы Головкинмен болған жекпе-жегін еске алды

Еуропалық боксшы Головкинмен болған жекпе-жегін еске алды
news-banner7
mobile-news-top

Британиялық боксшы Мартин Мюррей (39-5-1, 17 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) болған жекпе-жегін еске алды, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде коронавирус індетінің таралуына байланысты барлық спорттық жарыстар тоқтады. Сол қатарда кәсіпқой бокс жанкүйрлері де сүйікті спортынан уақытша қол үзіп қалды.

Осындай сәтте Мюррей твиттер желісіндегі жеке парақшасында ескі суреттердің бірін жариялап, шаршы алаңға сағынышын білдірді. «Монако ханзадасы Альберт және GGG-мен кездесу Монте-Карлодағы жекпе-жектен бірнеше сағат бұрын болған еді. 2015 жылдың ақпан айы», - деп жазды боксшы.



Айта кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек Монаконың Монте-Карло қаласындағы «Salle des Étoiles» алаңында 2015 жылдың 21 ақпанында өткен болатын. Кездесудің 11-раундында қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBA Super, WBC Interim және IBO белдіктерін қорғап қалған еді.

Еске сала кетейік, егер коровавирустық пандемия болмағанда Головкин мамыр-маусым айларының бірінде Польша боксшысы Камил Шереметамен жұдырықтасуы керек еді.

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер