Теннис

11 жастағы спортшы Олимпиадаға жолдама алды

11 жастағы спортшы Олимпиадаға жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Небәрі 11 жастағы сириялық теннисші Хенд Заза Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.

Заза Иорданияда өткен үстел теннисінен Батыс Азия аймақтық іріктеу турнирінде жеңімпаз атанып, Олимпиада жолдамасына ие болды. Сириялық спортшы финалда ливандық Марианна Саакянды 4:3 есебімен жеңді. Бір қызығы Саакянның жасы 42-де. Демек, ақтық сындағы қарсыластардың жас парқы 31 жас болды.

Хенд Заза 2009 жылы дүниеге келген. Ол Токио Олимпиадасының ең жас қатысушы атанып отыр.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының тағы бір жас қатысушысы - британиялық скейтбордшы Скай Браун. Бірақ ол жарыстан екі апта бұрын 12 жасқа толады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер