Бокс

Головкин - Шеремета жекпе-жегі мамырда өтеді

Головкин - Шеремета жекпе-жегі мамырда өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасындағы жекпе-жек мамырда өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Головикн мен міндетті қарсылас Шеремета арасындағы кездесу өтетін уақыт бірнеше мәрте өзгерді.

Алдымен GGG 29 ақпанда шаршы алаңға шығады делінген. Алайда ақпан айының соңғы күні Майки Гарсия мен Джесси Варгас жекпе-жегі өтетіндіктен, Головкинге наурызға дейін күте тұруға тура келген. Одан кейін Головкин-Шеремета жекпе-жегі 28 наурызда Чикагодағы Wintrust Arena спорт кешенінде өтеді деп жоспарланды. Бірақ кездесу тағы да кейінге шегерілді. Араға аз уақыт салып Эдди Хирн жекпе-жек 11 сәуірде өту мүмкін екенін айтты. Алайда соңғы ақпаратта бұл кездесудің мамырда өтетіні белгілі болды.

Ал жекпе-жектің өтетін орны ретінде АҚШ немесе Қазақстан қарастырылып отыр. Егер кездесу Қазақстанда өтесе, Бұл Головкиннің өз елінде өткізген екінші жекпе-жегі болмақ. GGG елімізде 2010 жылы 16 желтоқсанда елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Панама боксшысы Нильсон Хулио Тапианы (15-3-1, 11 KO) үшінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын бірінші рет қорғап қалған болатын.

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Головкиннің жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер