Ян Вороговский: Бельгия мен Австрияның жоғарғы лигаларында маған сұраныс бар

Ян Вороговский: Бельгия мен Австрияның жоғарғы лигаларында маған сұраныс бар

Қазақстан құрамасының футболшысы және Бельгияның екінші лигасында өнер көрсететін «Беерсхот» командасының қатарында бақ сынап жүрген Ян Вороговский Sports True YouTube-каналына берген сұхбатында Еуропадағы мансабы, ондағы чемпионаттың деңгейі жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Алматыдағы Орталық стадионға оралғанда қандай сезімде боласыз?

- Жақсы естеліктер көп. Дәл осы жерде менің мансабым басталды, көпке таныла бастадым.

- Неліктен Мальдив аралдарына емес, демалыста Алматыға келуді жөн көрдіңіз?

- Себебі мен ұзақ уақыт бойы отбасымды, достарымды көрмедім. Бұл жер менің жаныма жақын.

- FIFA ойнағанды ​​ұнатасыз ба? Ол жерден сіздің команданызды табу мүмкін бе?

- Ия, ойнаймын. Әлі емес, бірақ егер біз жоғары дивизионға шығатын болсақ, FIFA-ға кіреміз.

- FIFA 20-да өзіңізге қандай рейтинг бересіз?

- Әлеуметтік желілерде FIFA-да бар екенімді көрдім, шамамен 75-76.

- Еуропада ойнап жүріп футболға деген көзқарасыңыз өзгерді ме? 

- Салыстырып көрейік. Бельгияның екінші лигасы осал деп айтатындар бар. Бірақ, алаңдар сапасы тамаша, жанкүйерлердің қолдауы керемет. Әр матчқа шыққан сайын ләззат аласың. Қазақстанда бұл жағынан қиын. Алаң мен стадиондардың сапасы сын көтермейді. Егер, Қазақстанның әр қаласында дәл Ақтөбедегідей стадион салынса жанкүйерлер қарасы анағұрлым артатын еді. Яғни, трибуна мен жасыл алаң арасы өте жақын болса, жүгіруге арналған жолақтар болмаса дегенім ғой. Алматыда да сондай стадион бой көтерсе нұр үстіне нұр болар еді. 

 -«Беерсхотке» дейін ресми ұсыныстар болды ма? 

 - Ресми түрде - бірінші. Жазда бәрі қысқа мерзімде шешілді. 

 - Жақында сіздің трансферлік құныңыз төмендеді. Неліктен деп ойлайсыз?

- Ия, хабарым бар. Менің ғана емес, барлық әріптестерімнің трансферлік бағасы төмендеді. Алғашқы айналымды бесінші орында аяқтадық. Осы көрсеткіш әсер еткен болуы керек.

- Үш жылдан кейін өзіңізді қайда елестетесіз?

- Англияда, мысалы Премьер-Лигада (күлді).

- Бұл мүмкін бе?

- Еуропада бәрі мүмкін. Тіпті екінші лиганың өзің көптеген скауттар бақылап отырады.

 - Келісімшарт неліктен «1+1» жүйесінде жасалған? 

- Солай тиімді. Себебі, көптеген скауттардың бақылауында боласың. Басқа клубатардан ұсыныстар түсіп қалуы мүмкін. 

 - Қазір нақты қандай ұсыныс бар? 

- Әлі айтуға ерте шығар, бірақ Бельгия және Австрияның жоғарғы лигаларынан қызығушылық бар. 

 - Станимир Стойлов пен Михал Билекті салыстыра аласыз ба?

 - Екеуінің көзқарастары екі түрлі. Стойлов өзі баптайтын <span>«Астананың» футболшыларына ғана сенім артты. Ол кезде менде мүмкіндік аз болатын. Билек келді де, бәрін түбегейлі өзгертті. Жас футболшыларға есік ашты. </span>

<span>- Біздің құрама алдағы уақытта қалай дамиды және қандай нәтижелер күтуге болады? Топта үшінші немесе төртінші орынды қашан иеленеміз?</span>

<span>- Қазір біздің футболда үлкен өзгерістер болды. Менің ойымша, бұл үш жылдан кейін әсер етеді. ЕАЭО елдерінің ойыншылары үшін легионер мәртебесін жою-нақты оқиға. Қазір біздің көптеген қазақстандық футболшылар шетелге кетуі мүмкін. Бұл Қазақстан құрамасының деңгейіне әсер етеді. Ішкі чемпионатта ұзақ уақыт қалсаңыз, ары қарай дами алмай қалуыңыз мүмкін. Басқа чемпионатқа барып, тәжірбие жинау керек. </span>

 

ВИДЕО. Қазақстандық ойыншы Бельгия чемпионатында алғашқы голын соқты

Исламхан «Зенитке» ауысса жарты жыл легионер болып саналады

Исламхан «Зенитке» ауысады

<span>Мәскеуден Глазгоға дейін. Исламханға кімдер «көз тікпеді?»</span> 

«Тегін келгені қуантады» Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или