«Тегін келгені қуантады». Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?

«Тегін келгені қуантады». Ресей басылымы Қуат жайлы не жазды?
news-banner7
mobile-news-top

«Исламбек Қуат - Қазақстан футболының көрнекті тұлғасы. 26 жастағы жартылай қорғаушы «Қайратқа» еңбегін сіңірді, 3 ұлттық кубок пен 1 ​​Суперкубокты жеңуде маңызды рөл атқарды. Бірақ мойындау керек - қанша жерден сыйлықтары көп болса да, «Оренбург» сапына ауысу Қуат үшін жаңа қадам. Сөз жоқ, жартылай қорғаушы - мықты (Еуро-2020 іріктеу кезінде көрдік - Ресей мен Қазақстан бір топта ойнағанын еске саламыз), бірақ РПЛ ҚПЛ-ға қарағанда бәсекеге қабілетті болып көрінеді.
«Оренбург» бұл трансферден пайда көрмесе, зиян шеге қоймас. Өйткені Қуат Константин Емельянов командасына тегін қосылды. Бұл қуантады. Сонымен қатар, тіреуші жартылай қорғаушыны беделді Transfermarkt порталы 2 миллион еуроға бағалап отыр. Ықтимал пайда ешқашан артық болмайды», - деп жазды БАҚ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер