Недовесов Бангкокта екінші айналымға өтті

Недовесов Бангкокта екінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Таиланд астанасында өтіп жатқан Bangkok Open турнирінің екінші кезеңіне еш қиындықсыз өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші раундта отандасымыз жергілікті теннисші Майкл Матаиомчанды сенімді жеңді.

55 минутқа созылған кездесу 6:3, 6:0 есебімен аяқталды. 

Келесі турда Александр Недовесов хорватиялық Борна Гойомен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или