Рыбакина Шеңжеңдегі турнирдің финалында жеңіліс тапты
Елена Рыбакина International Shenzhen Open турнирінің жеңімпазы бола алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Александровамен кездесті. Бірінші сетте Рыбакина стартта төрт гейм қатарынан ұтылып, нәтижесінде 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Екінші партия да тартысты басталды. Рыбакина екі брейк жасай алды, дегенмен бұл сетте де 4:6 болып ұтылды.
Жалпы матч 1 сағат және 14 минутқа созылды. Елена Рыбакина 5 эйс, 4 қосарланған қателік және қарсыасының алты брейгіне қарсы үш брейк жасады.
Фото usopen.org
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или